Әр F SPORT автокөлігі LFA суперкары, RC F және GS F сынды үлгілердің негізінде жасалған, бірақ спорттық стильге тән элементтерінің арқасында әлдеқайда әсерлі көрінеді. Lexus-тің F философиясы шымыр пішінінің, кокпиттің спорттық атмосферасының және рөлмен басқарудың ерекше баптауларының арқасында, F SPORT-тың әр үлгісінен көрініс тапқан.